Басқы бет

Бізбен байланыс

Сілтемелер

   
 
 

Қош келдіңіздер біздің сайтқа!!!             Добро пожаловать на наш сайт!!!

 
     
 
 

  Мектеп тарихы

  Мектеп әкімшілігі
  Мектеп жарғысы
  2010-2015 даму стратегиясы
  Әдістемелік жұмыстар
  Оқушы жастар ұйымы
  Фотогалерея
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

МЕКТЕП ЖАРҒЫСЫ

 

Жамбыл  аудандық

білім  бөлімінің

№____    бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН.

 

Шиен орта мектебі

№___ ___________

кеңесінің отырысында

ҚАБЫЛДАНДЫ.

 

МЕМЛЕКЕТТІК  МЕКЕМЕ – ШИЕН  ОРТА  МЕКТЕБІНІҢ

Ж А Р Ғ Ы С Ы

 

1.1   Мемлекеттік  мекеме «Шиен орта мектеп»  (бұдан  былай  орта мектеп)  заңды  тұлға  дәрежесіне  ие, ұйымдастыру-құқықтық  түрінде  білім  беру  функцияларын  жүзеге  асыру  үшін  құрылған  коммерциялық  емес  мемлекеттік  мекеме болып табылады.

1.2  Мемлекеттік  мекеме «Шиен  орта мектебі», «Шиен орта мектебі»  мекемесінің  қайта  өзгеруіне, жаңа  редакциядағы  Жарғы  қабылдауына  және  оны Қазақстан   Республикасының  1999  жылғы  7 шілдеде  қабылданған «Білім  туралы»  Заңына сәйкестендіруге   байланысты  тіркеуден  өтеді. Мемлекеттік  мекеме «Шиен орта мектебі» «Шиен  ауылындағы орта мектеп»  мекемесінің барлық  құқықтары  мен міндеттері  бойынша  мұрагері  болып  табылады.

1.3.  Мектептің  негізгі  қызметінің  нысаны  жалпы  білім беру  бағдарламасын  жүзеге асыру  болып  табылады.

Мектептің  қызметі:

 - Жалпы  білім беру  бағдарламасы   мазмұнының  міндетті  минимумын  игеру  негізінде  оқушылардың  жалпы  мәдениетін  қалыптастыру, оқушыларды  қоғамдық  өмірге  әлеуметтік   жағынан  бейімдеу, кәсіптік  еңбек  түрін  сапалы  түрде  таңдауға, меңгеруге  негіз қалау;

 - Оқушыларды  азаматтық  пен  патриотизмге, өз  Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік  рәміздерді  қадірлеуге, халық  дәстүрін  сыйлауға, Ата  заңымызға, қоғамымызға  қарсы кез  келген  көріністерге  төзімділікке  тәрбиелеу.

1.4.Мектеп  өз  жұмысында  Қазақстан  Республикасының  Конституциясының,  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңын,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлықтарын,  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қаулылары  мен  қарарларын,  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  саласындағы  тиісті  білім  беру  басқармасы  органының  Шешімдерін,  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беретін  мектептері  туралы  Үлгі-ережесін  және  осы  Жарғыны  басшылыққа  алады.

1.5.Мектеп  құрылтайшысы  және  меншік  иесі  Алматы  облысының  Әкімі  болып  табылады.

Мектептің  мемлекеттік  басқару  органы  Жамбыл  аудандық  білім  бөлімі  болып  табылады.

1.6.Мемлекеттік  тілдегі  толық  аты:  Мемлекеттік  мекеме  «Шиен  орта  мектебі»

Орыс  тіліндегі  толық  аты:  Государственное  учреждение  «Шиенская  средняя  школа»

1.7.Мекен  жайы:  Қазақстан  Республикасы,  Алматы  облысы,  Жамбыл  ауданы,  Шиен  ауылы  Әбдіқайым көшесі  №1.

1.8.Мемлекеттік  мекеменің  мерзімі  шектеусіз.

1.9.Меншік  түрі  –  мемлекеттік.

 2.ЗАҢДЫ  СТАТУСЫ.

2.1.Орта  мектеп  заңды  тұлға  болып  табылады,  жеке  балансы  (сметасы),  банкте  есеп-шоты,  бланкілері,  белгіленген  үлгідегі  өз  аты  жазылған  мөрі  мен  штампысы  бар,  ерешеленген  мүлікке  ие  және  өз  міндеттері  бойынша  өз  құзырындағы  ақшалай  қаражат  және  орта  мектептің  қарамағындағы  меншік  құқығына  ие,  мүлік  үшін  жауап  береді.  Сотта  арыз  иесі  және  жауапты  болады.

Орта  мектепке  ақша  жетіспесе  оның  міндеттемелері  бойынша  жауапкершілік  орта  мектептің  меншік  иесіне  (құрылтайшысына)  жүктеледі.

Құрылтайшы  орта  мектеп  міндеттемелері  бойынша  жауапкершілікті  азаматтық  заң  белгілеген  жағдайлар  мен  шектеулерді  мойнына  алады.

Орта  мектеп  құрылтайшысының  және  ол  құрған  заңды  тұлғалардың  міндеттемелері  бойынша  жауап  бермейді.  Мектеп  басқа  бір  заңды  тұлғаны  құра  алмайды.

2.2.Мектеп  заңды  тұлға  құқығын  мемлекеттік  мекеме   ретінде  тіркелген  кезден  иемденеді.

2.3.Мектептің  білім  беру  қызметінің  құқығы  Алматы  облыстық  білім  басқармасынан  лицензия  алған  сәттен  басталады.

2.4.Мектеп  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  белгілеген  тәртіпке  және  тиісті  Ережелерге  сәйкес  аттестациядан  өтеді. 

2.5.Мектеп  оқушылардың,  ата-аналардың,  қоғамдық  және  білім  беруді  басқару  органдары  алдында  оқу  түрін  жүзеге  асыру  және  балалардың  жасына,  ақыл-ой,  дене  бітімі   ерекшеліктеріне  сәйкес  сапалы  білім  беру  мен  тәрбие  үшін  жауап  береді.

2.6.Мектеп  балалардың  денсаулығын  қорғау  талаптарына  сәйкес  сауықтыру  шараларын  өткізу,  санитарлық-тазалық  нормаларын  сақтау,  дене  және  ой  салмағы  дұрыс  болуы  үшін  жауап  береді.  Мектепке  арнайы  бекітілген  дәрігерлік  қызметкерлермен,  әкімшілікпен  бірге  оқушылардың  денсаулығын  тереңдеп  тексеру  жүргізеді. 

2.7.Мектепке  саяси  партиялардың,  қоғамдық-саяси  және  діни  қозғалыстардың  ұйымдық  құрылымдарын  ашуға  жол  бермейді.

 

3.БІЛІМ  БЕРУ  ПРОЦЕСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ.

3.1.Мектеп  оқыту  процесін  білім  берудің  үш  сатылы  деңгейінде,  жалпы  білім  беру  бағдарламаларымен  жүзеге  асырады.

1  саты  -жалпы  бастауыш  білім  (игерудің  кесімді  мерзімі  4  жыл)

2  саты  -жалпы  негізгі  білім  (игерудің  кесімді  мерзімі  5  жыл)   

3  саты  -жалпы  орта  білім  (игерудің  кесімді  мерзімі  2  жыл)

Бес  (алты)  жастағы  балалар  үшін  мектепке  даярлау  мақсатында  мектепалды  сыныптары  ашылады.

3.2.Мектеп  жалпы  білім  беру  процесі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандартының  негізінде  жасалған  оқыту  жоспарлары  мен  бағдарламаларына   сәйкес  жүргізіледі.  Бұл  ретте  мектеп  алты  күндік  жұмыс  аптасының  кестесі  бойынша  бір  аусымда  жұмыс  істейді.

-академиялық  сағаттың  ұзақтығы  45  минут.

-сабақ  кестесі  оқушылардың  тамақтануы  үшін  жеткілікті  үзілісті  қамтамасыз  ететіндей  болып  жасалады. 

-оқыту  жоспарында  жекелеген  сабақтарды  оқытуға  бөлінген  сағат  саны  мемлекеттік  оқу  жоспары  белгілеген  сағаттан  аз  болмауы  керек.

-оқушылардың оқу салмағы:

            о    Бастауыш  мектепте  күніне  4 сағаттан, аптасына 24  сағаттан

            о    Негізгі  мектепте күніне 6 сағаттан, аптасына 36 сағаттан

            о    Толық  орта  мектепте  күніне 7 сағаттан, аптасына 40 сағаттан аспауы керек.

3.3 Сынып  саны  оқушылардың  санына  және білім  беру  процесін  санитарлық  нормаларға  сәйкес  іске  асыру  үшін  жасалған  жағдайларға  байланысты  болады.

Мектепте  3-11  сыныптарда орыс  тілін, 5-11 сыныптарда  шет  тілін, 5-11 сыныптарда  еңбекке  баулу  пәндерінде  сыныпты  20 және  одан  жоғары  болса  екі  топқа  бөліп отырады.

3.4   Бірінші  сыныпқа  алты (жеті)  жасқа  толған  балалар қабылданады.

Балаларды  бірінші сыныпқа  қабылдау  үшін  мынадай  құжаттар  қажет:

            -     ата-аналардың (оларды ауыстыратындардың)  арызы

            -     баланың туу  туралы  күәлігінің  көшірмесі

            -     баланың  денсаулығы  туралы  дәрігерлік  анықтама

3.5  Азаматтарды  орта  жалпы білім  алу  үшін мектепке  қабылдау  олардың арызы  бойынша  өткізіледі.

3.6  Оқыту  және  тәрбиелеу  үшін мектепке қабылдау  мектеп  бойынша бұйрықпен рәсімделеді. Қабылдау  рәсімі  мектепке  қабылдау ережелерімен  егжей-тегжейлі регламенттеледі,  олар  Қазақстан  Республикасының «Білім  туралы»  Заңына,  білім беру  мекемесі  туралы  Үлгі  ережеге  және  Жарғыға  қайшы келмеуі  керек.

3.7  Мектепте  оқу  сабақтары  1  қыркүйекте  басталады, 25  мамырда  аяқталады.  Мектеп  алды  және  бірінші  сыныптарды  оқу  жылының  ұзақтығы 33  оқу аптасы,  қалғандарында  34  оқу аптасы  болады. Оқу  жылы  барысында  каникулдар  күзгі  8  күн (қарашаның 1-нен  12-не  дейін), қысқы – 10 күн (30 желтоқсаннан  қаңтардың 8-не  дейін), көктемгі – 12 күн (наурыздың 21-нен  сәуірдің 1-не  дейін)  беріледі.

Бірінші  сыныптарда  үшінші  тоқсанның  ортасында  каникул  апталығы  белгіленеді.

Жылдық  календарлық  оқу  процесі  мектеп  педагогикалық  кеңестің  пікірі  ескеріліп  және  Құрылтайшымен  келісіп  мектеп  директорының  бұйрығымен  бекітіледі.

3.8. Мектепте  оқитындардың  үлгеріміне  мұғалімдер бес  баллдық  жүйе  бойынша  жүргізеді.Мұғалім  жұмыстарды, оның  ішінде  бақылау  жұмыстарын, оқушылардың  ауызша  жауабын, олар   қол   жеткізген   жетістіктерді   тексере  және  бағалай  отырып,  бағаны  мектеп  журналына  және  оқушылардың  күнделігіне  қояды. Аралық  қорытынды  баға  баллмен  белгіленіп, тоқсандық  баға  шығарылады.  Оқу  жылының  соңында  жылдық  қорытынды  баға  қойылады. Оқушы, оның  ата-анасы  жылдық  бағамен  келіспеген  жағдайда,  оқушыға  мектеп  Кеңесі  құрған  комиссияға  қатысты  пән  бойынша  емтихан  тапсыруға  мүмкіндік  туғызады.

Емтихан  немесе  сынақ  түріндегі жыл сайынғы  аралық аттестация  оқу  жылының  аяғында, 5  сыныптан  бастап  өткізіле  алады. Мұндай  аттестацияны  өткізу  туралы  шешімді  30  қазаннан  кешіктірмей мектептің  Педагогтік   Кеңесі  қабылдап, аттестация  өткізудің  түрін,  тәртібін  және  мерзімін  анықтайды. Педагогтік  Кеңестің  бұл  мәселе  шешімі  мектеп  директорының  бұйрығымен  білім  беру  процесі  қатысушыларға  мәлім  етеді.

3.9   Білім  беру  бағдарламасын  толық  меңгерген  оқушы  келесі сыныпқа  көшіріледі.

Бастауыш  және  негізгі  жалпы  білім сатысында, мектепалды  даярлықтан  басқа,  үш  немесе  одан  да  көп  пәндерден  оқу  жылы бағдарламасын игермеген  оқушылар қайталап  оқытуға  қалдырылады  немесе  ата-анасының  ұйғарымы  бойынша  1-2 пәннен академиялық  қарызы  болса, олар  жазғы  тапсырманы  орындап, емтихан  тапсырғаннан  кейін  келесі  сыныпқа  көшіріледі.Алдыңғы  сатының  жалпы  білім  бағдарламасын  меңгермеген  оқушылар  жалпы  білімнің  келесі  сатысына  жіберілмейді.

3.10   Жасы  он  алтыға  толған  оқушылар  ата-анасының  және Жамбыл  аудандық  білім  бөлімінің   келісімімен  негізгі  жалпы  білім  алғанға  дейін  мектепті тастап кетулеріне  болады.

3.11   Заңға  қайшы  әрекеттер  жасағаны,  Жарғыны  өрескел  бұзғаны  үшін  16  жасқа  толмаған  балалар  мектептен  шығарылады.

Мектеп  Кеңесінің  оқудан  шығару  туралы  шешімі  оқушы  мен  оның  ата-анасының  қатысуымен  қабылданады. Кеңестің  отырысында  оқушының, оның  ата-анасының  дәлелді  себепсіз  қатыспауы  Кеңестің  оқудан  шығару  мәселе  қарауына  бөгет  бола  алмайды.

Бірінші рет  тәртіп  бұзды  деген  ұғымға  мектеп  директоры оқушыға  екі  немесе  одан  да  көп  тәртіпке  шақыру  шарасын  қолданғаны, оның  тағы  да  жаңадан  өрескел  тәртіп  бұзғандығы  жатады.  Өрескел  тәртіп  бұзу  ұғымына -  соның  салдарынан:

-оқушылардың,  қызметкерлердің,  келушілердің  өмірі  мен  денсаулығына  зиян  келтіруде

-мектептің   білім  беру  мекемесі  ретінде  жұмысына  іріткі  салынуы  жатады.

Жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынан  тыс  қалған  балаларды  оқудан  шығару  туралы  шешімді  мектеп  Кеңесі  қамқор  органның  алдын  ала  келісімімен  қабылдайды.

Мектеп  Кеңесінің  оқушыны  оқудан  шығарылғандығы  туралы  мектеп  директоры  үш  күн  ішінде  аудандық  білім  бөліміне  хабарлайды.  Жергілікті  өзін-өзі  билеу  органдары  ата-анасымен  бірге  бір  ай  мерзім  ішінде  оны  еңбекке  орналастыру  немесе  білім  мекемесінде  оқуын  жалғастыру  шараларын  қарастырады.

3.12.Негізгі  жалпы  және  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беру  бағдарламасын  игеру  міндетті  түрде  оқушының  қорытынды  аттестациялаумен  аяқталады.

Мектеп  бітірушілер  қорытынды  аттестациялау  Қазақстан  Республикасының  орталық  атқарушы  органы  бекіткен  Қазақстан  Республикасының  мектеп  бітірушілерінің  қорытынды  аттестациялау  туралы  Ережеге  сәйкес  өткізіледі.

Мектеп  бітіушілерге  олар  қорытынды  аттестациядан  өткеннен  кейін  мектептің  мөрі  расталған  білім  деңгейі  туралы  мемлекеттік  үлгідегі  құжат  беріледі.

3.13.Жалпы  негізгі  және  жалпы  орта  білім  берудің  білім  бағдарламасын  игеруде  ерекше  жетістіктерге  жеткен  мектеп  бітірушілерге  үздік  құжат  беріледі.

Мектепте  оқыту  қазақ  тілінде  жүргізіледі.  Оқыту  тілін  Жамбыл  ауданының  Әкімі,  аудандық  білім  бөлімінің  халықтың  қажеттілігі  мен  құқығына  сәйкес  мектеп  жүйесін  қалыптастыру  жөніндегі  ұсынысының  негізінде  белгілейді.

Оқыту  тіліне  қарамай  мектеп  мемлекеттік  жалпыға  бірдей  білім  беру  стандартына  сәйкес  мемлекеттік  тілді  оқытуды  қамтамасыз  етеді.

Мектеп  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  және  өз  Жарғысында  белгіленген  көлемде  оқытудың  түрін,  құралын  және  әдісін  өзі  белгілейді.

Мектептің  өзіндік  ерекшелігін  айқындайтын  базистік  оқу  жоспарының  вариативтік  саласының  құрамына  енетін  оқыту  жұмыс  жоспарын  және  оқу  пәндері  бойынша  бағдарлама  талдап  жасауды  өз  бетінше  жүзеге  асырады.

3.14.Мектеп  оқушыларына,  жұртшылыққа  келісім  шарт  негізінде  қатысты  білім  беру  бағдарламаларында  көзделмеген  мемлекеттік  жалпы  білім  стандарты  шеңберінде  қосымша  сабақ  бере  алады.

Мектеп  ішінара  құқықты: 

-сол  пән  бойынша  белгеленген  бағдарлама  мен  сағаттан  тыс  арнайы  пәндерді  оқытуды  ұйымдастыруға;

-оқу  жоспарынан  тыс  репетиторлық  сағаттар  өткізуге;

-курстарды  ұйымдастыруға;

-орта  және  жоғары  кәсіптік  оқу  орындарына  даярлайтын;

-шетел  тілдерін  үйрететін;

-үйірмелер  ашуға;

-биден;

-киім  пішу  және  тігу,  тоқу;

-атакәсіптік;

-балаларды  қосымша  оқытатын  бағдарламалар  бойынша  жұмыс  істейтін;

-живопись,  кескіндеме,  мүсінші;

-фортепиано  және  домбыра  студияларын  құруға;

-спорттық  жазғы  демалысын  ұйымдастыруға.

 

4.МЕКТЕПТІ  БАСҚАРУ.

4.1.Мектепті  басқару  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңына,  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беру  туралы  Үлгі  ережесіне  және  осы  Жарғыға  сәйкес  демократия,  ашықтық,  жалпы  азамат  құндылығын  дәріптеу,  адам  өмірі  мен  денсаулығын  құрметтеу,  тұлғаның  еркін  даму  принциптеріне  негізделе  отырып  жүргізіледі.

4.2.Мектепті  жалпы  басқаруды  сайламалы  өкілетті  орган-оқушылардың,  ата-аналардың  (оларды  алмастыратын  адамдардың)  және  педагогтік  ұжымының  өкілдерінен  тұратын,  екі  жылға  сайланатын  мектептің  Кеңесі  атқарады.

Кеңеске  өкілдер  шешуші  дауыс  құқығымен  екінші  және  үшінші  сатыда  оқитындардың  жиналысында,  педагогтік  кеңесте  осы  категориялардың  әрқайсысынан  5  адамнан  тең  дәрежеде  сайланады.  Мектептің  Кеңесі  өз  құрамына  төраға  сайлайды,  ол  кеңестің  жұмысын  басқарады,отырыстар  өткізеді  және  шешімдерге  қол  қояды.  Мектеп  Кеңесін  төраға  қажетіне  қарай,  бірақ  үш  реттен  кем  емес  уақытта  жинайды.  Кеңестің  кезектен  тыс  отырысы  оның  құрамына  үштен  бірінің,  екінші  және  үшінші  сатыда  оқитындар  жиналысының,  ата-аналар  жиналысының,  педагогтік  кеңестің,  мектеп  директорының  талабы  бойынша  шақырылады.  Кеңеске  сайланған  өкілдер  өз  міндеттерін  қоғамдық  негізде  атқарады.

Егер  кеңестің  отырысында  оның  үштен  екісі  қатысса  және  қатысушылардың,  олар  Кеңес.

Мүшелерінің  барлық  үш  категориясын  тең  өкілдік  етсе,  үштен  екісі  жақтап  дауыс  берсе  Кеңестің  шешімі  заңды  деп  танылады.

Дауыс  беру  процедурасын  мектептің  Кеңесі  анықтайды.  Мектеп  Кеңесінің  бірден-бір  құзырына:

-Мектепті  дамыту  жоспарын  бекіту,  мектептен  оқушыны  шығару  туралы  шешім  қабылдау.

-Оқушылардың,  олардың  ата-аналарының  жылдық  бағамен  келіспейтін  жағдайда  емтихан  алатын  комиссия  құру  жатады.

4.3.Мектептің  қамқорлық  кеңесі  мектепті  бюджеттен  тыс  қаржыландыруға  көмектесу  үшін  және  оған  ұйымдық,  ақыл-кеңестік,  басқа  да  көмек  көрсету  үшін  құрылған  демеушілердің  еркін  бірлестігі  болып  табылады.  Демеушілердің  жалпы  жиналысының  шешімі  бойынша  және  коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы  заңдылықты  сақтай  отырып,  қамқорлық  кеңесі  заңды  тұлғалық  құқығы  бар  коммерциялық  емес  ұйым  ретінде  тіркелуіне  болады.  Қамқорлық  кеңесі  мектепті  басқару  ісіне  мектеп  үшін  оған  берілетін  демеушілердің  біріккен  қорының  қаржысы  мен  мүлкін  пайдалану  жөнінде  шешім  қабылдау  арқылы  қатыса  алады.

4.4.Оқыту-тәрбиелеу  процесін  дамыту  мен  жетілдіру,  мұғалімдер  мен  тәрбиешілердің  кәсіптік  шеберлігі  мен  шығармашылық  өсу  деңгейін  көтеру  мақсатында  мектептің  педагог  қызметкерлерін  біріктіретін  алқалық  орган  педагогтік  кеңес  жұмыс  істейді.

Педагогтік  кеңес: 

-білім  беру  мазмұнының,  оқу-тәрбие  процесінің  түрлері  мен  әдістерін  және  оларды  іске  асырудың  түрлі  варианттарын  талқылап,  таңдап  алады;

-педагогтік  қызметкерлердің  шеберлігін  жетілдіру  мен  олардың  шығармашылық  белсенділігін  арттыру  жөніндегі  жұмыстарды  ұйымдастырады;

-осы  календарлық  жыл  ішінде  емтихан  немесе  сынақ  түріндегі  аралық  аттестациялауды  өткізу  жөніндегі  шешім  қабылдайды. 

-оқитындарды  келесі  сыныпқа  көшіру  туралы  сондай-ақ  ата-аналармен  келісе  отырып  оны  қайталап  оқытуға  қалдыру,  оқуын  жанұялық  білім  алу  түрін  жалғастыру  немесе  орынын  толтыратын  сыныптарға  көшіру  жөніндегі  шешім  қабылдайды.

-жылдық  календарлық  оқу  кестесін  талқылайды,  педагогтік  ұжымның  өкілдерін  мектеп  Кеңесіне   жібереді.

Педагогтік  кеңесті  директор  қажетіне  қарай,  бірақ  жылына  төрт  реттен  кем емес  мерзімде  шақырып  отырады.

Педагогтік  кеңестің  кезектен  тыс  отырысы  мектеп  педагог  қызметкерлерінің  үштен  бірінің  талабы  бойынша  өткізіледі.

Мектептің  педагогтік  кеңесінің  шешімі  егер  отырысқа  мектеп  педагог  қызметкерлерінің  үштен  екісі  қатысса  және  оған  қатысушылардың  жартысынан  көбі  дауыс  берсе  заңды  деп  танылады.

Дауыс  беру  процедурасын  кеңес  белгілейді.  Педагогтік  кеңестің  шешімдері  директордың  бұйрығымен  жүзеге  асырылады.

4.5.Мектеп  ұжымы  қызметкерлерінің  жалпы  жиналыс  қажетіне  қарай,  бірақ  жылына  екі  реттен  кем  емес  мерзімде  өткізіледі.  Еңбек  ұжымының  жалпы  жиналысы,  егер  онда  мектеп  негізгі  жұмыс  орны  болып  табылатын  қызметкерлердің  жартысынан  астамы  қатысып  отырса  шешім  қабылдауға  құқықты.

Еңбек  ұжымының  жалпы  жиналысы  мен  шешімі  жиналысқа  қатысушы  қызметкерлердің  көпшілік  даусымен  қабылданады.

Дауыс  беру  рәсімін  мектеп  еңбек  ұжымының  жалпы  жиналысы  анықтайды.

Еңбек  ұжымының  бірден-бір  құзырына:

-директордың  ұсынысы  бойынша  мектептің  еңбек  тәртібі  ережесін  бекіту.

-ұжымдық  шарт  жасаудың  қажеттілігі  туралы  шешім  қабылдау  және  ұжымдық  келісім  шартты  бекіту.

-ұжымдық  шарттың  орындалуы  туралы  жыл  сайынғы  есепті  тыңдау  жатады.

4.6.Мектепті  тікелей  директор  басқарады.  Директорды  қызметке  Құрылтайшы  тағайындайды  және  қызметтен  босатады.

Мектептің  директоры  жеке  билік  принципі  бойынша  қызмет  етеді  және  осы  Жарғы  анықтайтын  өз  құзіретіне  сәйкес  мектептің  жұмыс  туралы  мәселелерді  өзі  шешеді,  мектепте  жүктелген  міндеттердің  орындалуына  және  өз  функциясын  атқаруына  жеке  басы  жауап  береді,  тікелей  Құрылтайшыға  бағынады.

Мектеп  директоры  аудандық  білім  бөлімімен  келісе  отырып,  өзінің  орынбасарларын  тағайындайды  және  қызметтен  босатады. 

Мектеп  жұмысына  басшылық  жасай  отырып,  заңды  белгіленген  тәртіп  бойынша: 

-мектеп  атынан  сенім  хатсыз  әрекет  жасайды;

-мектеп  мүддесіне  барлық  ұйымдарда  өкілдік  етеді;

-есеп-шот  және  басқа  да  есеп-қисап  ашады,  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңы  және  осы  Жарғы  белгіленген  деңгейде  мектептің  мүлкі  мен  қаражатын  жұмсау  құқығына  ие  болады,  сенім  хаттар  береді;

-мектептің  барлық  қызметкерлерін  жұмысқа  алады  және  жұмыстан  шығарады;

-мектеп  құрылымын,  штат  кестесін,  жұмыс  кестесін  және  сабақ  кестесін  бекітеді;

-мектептің  қызметкерлерінің  арасындағы  міндеттерді  бөледі,  қызметтік  нұсқауларды  бөледі;

-мектептің  барлық  қызметкерлері  мен  оқушыларына  міндетті  бұйрықтар  шығарады;

-қызметкерлердің  Қазақстан  Республикасының  Заңдары  анықталған  мамандығына,  функционалдық  міндеттеріне  сәйкес  олардың  оқу  салмағын  бөледі.,  Ставкалары  мен  қызметтік  жалақыларын  белгілейді;

-оқуға,  тәрбиелеуге,  еңбек  пен  демалуға  қажетті  жағдайлар  жасайды;

-құрылтайшы  мен  құзырлы  мемлекеттік  органдарға  қызмет  туралы  есеп  береді;

-осы  Жарғы  және  аудандық  білім  бөлімі  жүктеген  басқа  да  жұмыстарды  атқарады;

Мектеп  директорының  қызметін  мектеп  ішінде  немесе  басқа  басқарушы  қызметтер  мен  (ғылыми  әдістемелік  басшылықтан  басқа)  қоса  атқаруға  рұқсат  етілмейді.

 

5.БІЛІМ  БЕРУ  СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ  ҚҰҚЫҚТАРЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ.

 5.1.Мектепте  оқитындар  құқығы:

-білім  берудің  мемлекеттік  жалпы  білім  стандартына  сәйкес  білім  алуларына;

-мемлекеттік  жалпы  білім  стандарттары  шеңберінде  жеке  оқу  жоспарлары  бойынша  білім  алуға;

-өзінің  қабілеті  мен  қажеттілігіне  сәйкес  қосымша  білім  алу  қызметін  пайдалануға,  оқу  жоспарына  сәйкес  альтернативті  курс  таңдауға;

-білім  деңгейіне  және  жарғылық  талаптарға  сәйкес  келсе  жалпы  орта  білім  мекемелеріне  түсуге  немесе  ауысуға;

-дәрігерлік  қызметті  пайдалануға,  мемлекеттік  транспортты  жеңілдікті  пайдалануға;

-білім  алу  түрін  таңдауға  (оқушылар  жалпы  білім  бағдарламасын  жалпы  білім  беретін  мектепте  де  жанұялық  оқу  түрінде  де,  өз  бетінше  оқуға  да  және  экстернатпен  де  алуға  құқылы);

-қосымша  (оның  ішінде  ақылы)  білім  беру  қызметін  пайдалануға;

-оқу  мен  шығармашылық  қызметте  жеткен  жетістіктері  үшін  ынталандыруға  және  марапатталуға;

-өзінің  адамгершілік  қасиетін,  ар-ұждан  және  ақпарат  алу  бостандығын  қадірлеуге,  өзінің  көзқарасы  мен  ойын  еркін  білдіруге.

5.2.Мектепте  оқитындар  міндеті:

-білім  алудың  мемлекеттік  жалпы  білім  стандарттары  көлемінде  білім  алуға  қабілетін  ұштастыруға  және  іс-тәжірибесін  жетілдіруге,  өзінің  денсаулығына  қамқорлық  жасауға,  рухани  және  дене  бітімін  жетілдіруге  мектептің  Жарғысын  орындауға,  ықыласпен  оқуға,  мүлікке  үнемді  болуға;

-басқа  оқитындар  мен  қызметкерлердің   ар-намысын  қадірлеуге,  мекеме  қызметкерлеріне  Жарғыда  жүктелген  ішкі  тәртіп  ережелерін  сақтау  жөніндегі  талаптарын  орындауға;

Оқушыларды  оқу  процесінен  айыруға  болмайды.

5.3.Мектеп  оқушыларының  ата-аналары  мынадай  құқықтарға  ие:

 -балалардың  ынтасына,  жеке  қабілетіне  және  ерекшеліктеріне  қарай  Жамбыл  ауданының  білім  жүйесіндегі  мүмкіндіктерге  орай  білім  алудың  түрлерін,  білім  беру  ұйымдарын  таңдап  алуына;

-балалардың  заңды  құқықтарымен  мүдделерін  қорғауға;

-Жарғы  белгіленген  түрде  басқаруға  қатысуға;

-өз  балаларының   оқу  үлгерімі,  тәртібі  және  оқу  жағдайы  туралы  ақпарат  алуға;

-өз  балаларын  оқыту  және  тәрбиелеу  мәселелері  жөнінде  ақыл-кеңестік  көмек  алуға.

5.4.Ата-аналар  міндетті:

-балалардың  өмірі  мен  оқуына  толыққанды  және  жағдай  туғызуға,  олардың  ақыл-ой  және  дене  бітімін  дамытуды,  адамгершілікке  өсуін  қамтамасыз  етуге;

-балаларды  бес  (алты)  жастан  мектепалды  дайындықтан  өткізуге;

-алты  (жеті)  жастан  мектепке  беруге;

-мектеппен  қарым-қатынаста  болуға;

-өз  балаларының  тәрбиесі  мен  оқуына  жауап  беруге,  оқитындарды  оқу   сабақтарына  қатыстыруды  қамтамасыз  етуге.

5.5.Мектеп  қызметкерлерінің  құқықтары  мен  міндеттері  осы  Жарғымен,  ішкі  тәртіп  ережелерімен  және  қызмет  нұсқауларымен  белгіленеді.  Педагог  қызметкерлері  деп  педагогикалық  жұмысқа  қажетті  кәсіптік  мамандығы  бар,  білімі  туралы  құжат  растайтын  мамандық  бойынша  мамандық  мінездемесіне  қойылатын  талаптарға  сай  келетін  адамдар  қабылданады,  қатысты  арнайы  білім  жоқ  адамдарға  мектепте  педагогтік  қызмет  атқару  құқығы  қажетті  мамандар  жоқ  болған  жағдайда  ғана  Кеңестің  шешімімен  қабылданады.

Мектептегі  педагог  қызметкерлері  мынадай  құқықтарға  ие:

-кәсіптік  қызметін  атқаруға  жағдай  туғызуына;

-ғылыми  ізденістердің  тақырыбын  және  оның  нәтижелерін  педагогтік  тәжірибеде  қолданудың  түрлерін  еркін  таңдауға,  мектепті  басқару  органдарының  жұмысына  қатысуына;

-жұмыстан  тыс  өз  мамандығын  жетілдіруге;

-категорияны  жоғарылату,  қызметте  өсу  мақсатында  мерзімінен  бұрын  аттестациядан  өтуге;

-56  календарлық  күнге  созылатын  ақылы  демалыс  алуға;

-жеке  педагогтік  қызметпен  айналысуға,  өзінің  кәсіби  ар-ожданын  қорғауға,  әкімшіліктің  бұйрықтары  мен  үкімдеріне  шағым  айтуға;

Педагогтік  қызметтегі  жетістіктері  үшін  заттай  және  моральдық  ынталандыруға;

Мектеп  педагог  қызметкерлері  міндетті:

-оқитындардың  білім  берудің  қатысты  мемлекеттік  жалпы  білім  стандарттары  белгілеген  деңгейден  төмен  емес  білім  және  қабілет  алуын  қамтамасыз  етуге;

-оқитындардың  жеке  және  шығармашылық  қабілеттерін  тауып,  дамытуға  көмектесуге;

-өзінің  мамандығын  жетілдіруге;

-педагогтік  этиканың  нормаларын  сақтауға  және  оқушылар  арасына  насихаттауға;

Білім  берудің  2  және  3  сатысындағы  мұғалімдердің  нормативтік  оқу  жүктемесі  аптасына  18  сағаттан,  1  сатыдағы  мұғалімдер  үшін  20  сағаттан  болады.  Жылға  бекітілген  оқу  жүктемесі  әкімшілік  тарапынан  жылдың  соңына  дейін  азайтылмауы  тиіс.  Оқу  жоспарымен  бағдарламасындағы  сағат  саны  азайған  жағдайда  басқа  кезде  жүктемені  бір  ставкаға  дейін  азайтуға  рұқсат  етіледі.  Педагогикалық  оқу  жүктемесінің  кемитіні  туралы  қызметкер  кемінде  2  ай  бұрын  хабардар  болуы  керек.

 

6.ҚАРЖЫ  –  ШАРУАШЫЛЫҚ   ҚЫЗМЕТІ.

6.1.Құрылтайшы  өзінің  құқықты  меншігіндегі  мүлкін  бекітіп  береді.  Құрылтайшы  мектепке  бекітіп  берген  меншік  объектілері  мүлікті  берген  сәттен  бастап  оралымды  басқаруда  болады.  Мектеп  оралымды  басқару  құқығында  бекітіп  берген  меншікті  өз  бетінше  жұмсауына  болмайды.

6.2.Мектепті  қаржыландыру  Қазақстан  Республикасының  Заңдарына  сәйкес  іске  асырылады.  Қаржыландыру  көзі  болып  табылатындар:

-жергілікті  бюджеттің  қаржысы;

-оқушыларға  қосымша  ақылы  білім  беруді  қамтамасыз  еткені  үшін  төлейтін  ата-аналардың,  заңды  өкілдерінің  қаржысы;

-жеке  және  заңды  тұлғалардың  ерікті  қаржылары;

-Қазақстан  Республикасының  заңдары  тиым  салмаған  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгілеген  басқа  да  көздерден  түскен  қаржы.

6.3.Мектептің  қызмет  барысында,  оның  ішінде  өндірістік-шаруашылық  пен  тапқан  кірісі  қызметкерлер  арасында  бөліске  түспейді,  мектептің  материалдық-техникалық  базасын  қамтамасыз  етуге,  жалақы  төлеуге  және  Құрылтайшымен  белгілі  тәртіппен  келісілген  басқа  да  шығыстарды  өтеуге  жұмсалады.

6.4.Мектептің  қызметкерлеріне  жалақы  аттестаттау  комиссиясының  ұсынысын  ескере  отырып  және  еңбек  ақысына  бюджеттік  қаржыдан  бөлінген  мөлшер  шеңберінде  тарифтік-біліктілік  талаптарына  сай  бірыңғай  тарифтік  кесте  негізінде  белгіленеді.

6.5.Мектеп  бухгалтерлік  есеп  жүргізеді  және  заңға  сәйкес  мемлекеттік  органдарға  есеп  береді.  Жылдық  финанс  есебін  директор  бекітеді.

6.6.Қаржы – шаруашылық  қызметін  тексеру  мен  ревизиялауды  тиісті  органдар  атқарады.

 

7.ҚАЙТА  ҚҰРУ  ЖӘНЕ  ТАРАТУ.      

7.1.Мектепті  қайта  құру,  тарату  ерікті  түрде  Құрылтайшының  шешімімен,  ал  негізсіз  түрде  заң  актілері  белгілеген  жағдайда  соттың  шешімімен  атқарылады.

7.2.Қайта  құру  мен  таратудың  шешім  қабылдаған  органның  шешімімен  құрылатын  қайта  құру  жөніндегі  комиссия  немесе  тарату  комиссиясы  жүзеге  асырады.

7.3.Қайта  құрылған  жағдайда  мектептің  құқықтары  мен  міндеттемелері  иеленушіге  көшеді.

7.4.Қайта  құру  мен  тарату  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  атқарылады.

7.5.Заңды  тұлғаны  бірыңғай  мемлекеттік  тіркеу  актісіне  бұл  туралы  жазылғаннан  кейін  мектепті  тарату  ісі  аяқталады.  Ал  мектеп  таратылды  деп  есептеледі.

7.6.Мектепті  қайта  құрған  немесе  таратқан  кезде  Құрылтайшы  кәмелетке  толмаған  балалардың  ата-аналарымен  және  басқа  заңды  өкілдермен  келісіп,  оқушыларды  басқа  жалпы  білім  беретін  мемлекеттік  мекемеге  ауыстыру  жөнінде  өзіне  жауапкершілік  алады.

7.7.Мектепті  таратып  болғаннан  кейін  мектеп  құрылған  кезде  берілген  және  қызмет  барысында  алынған  мүлік  Құрылтайшыға  қайтарылып  беріледі.

 

 8.ЖАРҒЫҒА  ӨЗГЕРІСТЕР  МЕН  ТОЛЫҚТЫРУЛАР  ЕНГІЗУ  ТӘРТІБІ.

 8.1.Осы  жарғыға  өзгерістер  мен  толықтыруларды  Құрылтайшы  енгізеді  және  ол  осы  Жарғы  белгілеген  тәртіп  бойынша  бекітілуге  жатады.

8.2.Өзгерістер  мен  толықтырулар  заң  актілері  белгілеген  тәртіп  бойынша  заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу  органының  назарына  ұсынылады.

 

Мемлекеттік  мекеме

Шиен  орта  мектебі

Кеңесінің  төрағасы және  директоры:                             Л.Тульбаева