Басқы бет

Бізбен байланыс

Сілтемелер

   
 
 

Қош келдіңіздер біздің сайтқа!!!             Добро пожаловать на наш сайт!!!

 
     
 
 

  Мектеп тарихы

  Мектеп әкімшілігі
  Мектеп жарғысы
  2010-2015 даму стратегиясы
  Әдістемелік жұмыстар
  Оқушы жастар ұйымы
  Фотогалерея
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

МЕКТЕП ТАРИХЫ

 

Қасиетті  Суықтөбе  тауының  баурайындағы     Шиен ауылында   орналасқан   мектеп тарихы  ұшан-теңіз.

Алғашқы мектеп сонау  1932 жылы ашылды. Директоры  Махов  Александр  жұмыс  істеген.  Одан кейінгі  мектеп директорлары 14 рет  ауысты.  Қазіргі мектеп  басшысы Тульбаева Ләззат  Жорақызы.

1978-1987 жылдары    мектеп директоры  болған   Тасырбаева Наскен Ноғайбайұлы   тұсында  елдің есінен  кетпес  елеулі  оқиға  болып,  сол кездегі Қаз ССР–ің  Орталық  комитетінің  бірінші хатшысы  Д.А. Қонаевтың  қатысуымен  жаңа мектеп  ғимараты  іске қосылды.

Жаңа мектеп ғимратының салынуына 19 жыл «XXVIII - партсъезд» атындағы колхоздың басқармасы болған Иманбаев Жайлаубай ағамыздың сіңірген еңбегін ерекше айтып өтуге болады. Үш қабатты, мың жарым оқушыға   арналған   салтанатты сарайдың  іші-сырты  безендіріліп,  заманның өскелең  талабына сай  жабдықталған.

Ол 1981 жылы болатын. Содан бері  бұл мектеп ғимаратында талай игі істер   жасалынды,  талай тамаша талантты  ұстаздар  еселеген  еңбек етті.

Ел келешегі  жас ұрпақты  тәрбиелеуде, осы  білім  ордасының  аяғынан тік тұрып,   қанатын  кеңге жаюына   ерен  еңбегімен   зор үлес  қосқан   мектеп   басшылары:  Ғ. Карбозов,   Е.Мамиев, І.Жотабаев,  Қ. Қасқарауов, Ж.Бүтінбаев, Н.Тасырбаев, Т.Айдабаев, С.Бейсебаев, К.Батаева, Б.Бекбосынов  басқарды.

Тағылымы мол  ұстаздар  да  жетерлік . Олар - Ә.Талысбаева, Қ.Мамутов, Ж.Ахметов,  М.Әміржанов, Ә.Сатыбалдиев, К.Мусаева, Е.Мамиев,  І.Жотабаева, Қ.Қасқарауов, Ж.Бүтінбаев, К.Құрамысова, М.Сауранбаева, М.Айдабаев, С.Бейсебаев,  К.Батаева,  Б.Бекбосынов т.б.

Қазақстан Республикасының  Білім  беру  ісінің үздіктері - Ә. Сатыбалдиев,  К. Батаева,  Б.Аппасова,  Б.Тлеулинов, Т.Қырбасова.

Бүгінгі  күні еліміздің   түкпір-түкпірінде  өнімді еңбек етіп   жүрген  мектепті үздік медальмен  бітірген  оқушылар - білім  ордасының мақтанышы. Олар - Л.Фукс, А.Мамиева, Б.Сеитова, Г.Алтынбекова,  Ж.Аппасова,  С.Сейполдаева, С.Абдығұлова, М.Шакретова, Н.Әбдіғұлова, Н.Жанұзақова, Р.Иманбаева, А.Манапбаева,  А.Бекбосынова, Г.Белокреницкая, М.Берикова, Г.Есенкулова, Ж.Кауменов,  Ә.Кенжебек,  А.Сатыбалдиева, А.Тулемисов, А.Қуанышова, Е.Қырбасов, Ж..Дүйсенбаев, Ф.Калибаева, А.Текебаева, Р.Абишева, С.Текебаева, Б.Сеитов, З.Тлепбергенова, Г.Сүйіндікова.

«Көшбасшысы  жоқ  ел болмайды» дегендей, еліне есімі аян белгілі азаматтарымыз да баршылық.

Мектеп  түлегі  Қырбасов Кенесхан - мемлекеттің   ірі қызметкері  болса,   Әбдуалиев Ақан- Республикаға  танымал  Жамбыл  өнірінің   айтыс ақыны. Ахметов  Тұрсынбай - кәсіпкерлігімен  ерекшеленген  ауыл азаматы.

2006 жылы  «Өнер-білім  мекені - мәртебелі   мектебім» атты мектептің 25 жылдық  мерейтойы  тойланды.

Жарастық пен жақсылықтың ұясы - алып шаңырақты сәулетті, алтын ұя мектептін әр жыл сайын қанат қағып ұшар түлектері әлді де жалғаса бермек.